Тілі басқа – тілегі бір, жыры басқа – жүрегі бір

Тілі басқа – тілегі бір, жыры басқа – жүрегі бір
Ақтаулық Эльданияздың ұлты - әзірбайжан. Ол 1984 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келді. Қазіргі таңда Ақтау қаласында тұрады.
2007 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Кеден ісі», «заңгер-кеденші» мамандығы бойынша тәмәмдады.
Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде 2009 жылдан қызмет атқарып келеді.
Ұлты басқа болғанымен, жүрегі қазақ деп соғады. Ол өзінің Маңғыстау жерінде туып-өскенін мақтан тұтады. Қазақ елінің салт-дәстүрін,    әдет-ғұрпын қадірлеп туған жеріне деген ыстық ықыласын әрдайым айтып жүреді. Қашан да әріптестеріне қол ұшын беруге дайын тұрады.
Сондай-ақ Департаменттің қоғамдық өміріне белсене араласады. Бірнеше мәрте Департамент бастығының алғысына ие болды. Түрлі спорттық шараларға қатысып, кәсіптік шеберлігі және мінсіз қызметі үшін Кедендік бақылау комитетінің құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталды. Құқық қорғау органдары арасында кіші-футболдан өткізілген турнирде 2 орынды жеңіп алды.
Эльданияз: «Менің туған елім - Қазақстан және де мен осы елдің азаматы екенімді мақтан етемін», - дейді.
Маңғыстау облысы бойынша
Кедендік бақылау департаменті